Палестиналықтар әлемдегі ең үлкен көйлекті тікті

АСТАНА.  Қазанның  26-сы.  ҚазАқпарат - Иорданның Батыс жағалауындағы    Хевон   қаласының   палестиналық   тұрғындары кестемен өрнектелген  әлемдегі ең үлкен көйлекті  тігіп  отыр. 

Палестиналықтар  әлемдегі ең үлкен көйлекті  тікті

Олардың айтуынша,    көйлекті  тігуге  150-ге жуық     шебер атсалысқан.   Көйлектің    ұзындығы   32,6 метрді,    ені - 18,1 метрді    құрайды,   деп хабарлайды    шараны  ұйымдастырушылар.   Бұл    көйлекті    тігудегі  мақсат -   Гиннестің   Рекордтар  кітабына   ену  және    жергілікті  шебелердің  жұмыстарына   жұртшылықтың  назарын  аудару   болып  отыр,  деп   хабарлайды ВВС-дің  Орыс қызметі.