Палуан Н. Тінәлиев Бакуде «Алтын Гран-при» сайысының күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан астанасы Бакуде күрес бойынша Голден Гран-При мәресіне жетті, деп хабарлады Sports.kz.

 Палуан Н. Тінәлиев Бакуде «Алтын Гран-при»  сайысының күміс жүлдегері атанды

Грек-рим стиліндегі салмақ санатында (130 келіге дейін) финалда Нұрмұхамбет Тінәлиев жергілікті спортшы Сабах Сарьятиден 3:7 есебімен ұтылды, біздің атлетке үш рет ескертуден кейін ойын тоқтатылды. Жартылай финалда Тінәлиев қытайлық Сьянг Менді 4:0, ал бұған дейін ширек финалда Виталий Ильницкийді (Ресей) - 4:1, ал біліктілікте беларусь Иосиб Чугошвилиді - 4:0 есебімен ұтқан.

66 келіге дейінгі салмақта Дамеу Жадыраев 1/8 финалда финалист - Камран Маммадовтан (Әзербайжан) жеңілді (0:4), қосымша мүмкіндік алған ол ресейлік Заур Кабалоевтан да 0:8 есебімен ұтылып қалды. 75 келілік біліктілікте Дархан Баяхметов америкалық Эндри Бисектен 0:2 есебімен жеңілді, ал сол сатыдағы 80 келілік Жасұлан Қошанов түрік Доган Гоктастан 0:4 есебімен ұтылды. 85 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов Мужтаб Каримфардан 0:5 (1/8) есебімен әлсіз болып шықты. 98 келіге дейінгі санатта Марғұлан Әсембеков біліктілік жарыста венесуэлалық Юлля Перестен - 2:0 есебімен басым түссе, ширек финалда қытайлық Ди Сяодан 1:3 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, «үздіктер» арасындағы турнир алтынын Алмат Кебіспаев (59 келіге дейін) алған.