Палуандар Гуанчжоудағы Азиада барысында Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола медаль салды
БЕЙЖІҢ-ГУАНЧЖОУ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін Гуанчжоуда өтіп жатқан ХҮІ Азия ойындарында еркін күрес сайыстарында қазақстандық спортшылар Леонид Спиридонов (66 кило) мен Ермек Байдуашев (84 кило) құраманың қоржынына қола медальдар әкелді.
Қазақстан құрамасы 9-орында тұр. Оның есебінде 51 награда бар, олар: 7 алтын, 14 күміс және 30 қола медаль.