Палуандарымыз Ташкентте өткен Азия чемпионатында екі алтын мен бір қола медаль алды

ТАШКЕНТ. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Күрестен Қазақстан құрама командасы ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Ташкентте өткізілген Азия чемпионатында екі алтын мен бір қола медаль алды.

Палуандарымыз Ташкентте өткен Азия чемпионатында екі алтын мен бір қола медаль алды

Ташкенттің «Өзбекистон» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Жарыстардың үшінші күнінде кілемге әйелдер арасында 59, 63, 67, 72 келі салмақта, сонымен қатар грек-рим күресі өкілдері арасында 55, 60 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар шықты.

72 келі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық палуан Гюзель Манурова мен грек-рим стилінің өкілі Алмас Кебесбаев (60 келі) алтын жүлдені жеңіп алды. ҚР әйелдер күресінің тағы бір өкілі Татьяна Захарова (67 келі) қол медальды місе тұтты.