Пан Ги Мун: 2030жылға қарай СПИД пен безгек ауруынан арыламыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2030 жылға қарай адамзат СПИД, туберкулез және безгек ауруын жеңе алады. Канаданың Монреал қаласында өтіп жатқан СПИД, туберкулез және безгек ауруларына қарсы Жаһандық қордың ресурстарын толықтыру жөніндегі конференцияда сөз ала отырып, БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун осылай мәлім еткен.

Пан Ги Мун: 2030жылға қарай СПИД пен безгек ауруынан арыламыз

«Адамзаттың қазіргі білімі мен қаржысы 2030 жылға қарай СПИД, туберкулез және безгек ауруларын жеңе алатындай әлеуетке ие»,-деп атап өткен БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун.

Осы ауруларға қарсы Жаһандық қор осы дерттермен күресу үшін 13 млрд АҚШ долларына сұрау салған екен. Бұл қаржыны алдағы үш жылда жинау керек. Пан Ги Мун бұл міндетке жету үшін бүкіл әлемді күш жұмылдыруға шақырған.  БҰҰ Бас хатшысының  дерегіне сүйенсек, осы қордың арқасында 20 млн адамның жаны аман қалған.

Жаһандық қор жұмысын бастағаннан бері осы үш аурудың алдын алып, емдеу үшін әлем бойынша 150-ден астам елге ондаған млрд доллар ақша бөлген.