09:57, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Пан Ги Мун Ауғанстандағы БҰҰ қызметкерлерінің күзетін күшейтуге шақырды
АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун ұйымның Ауғанстандағы қызметкерлерін қорғау жөнінде жедел шаралар қабылдау қажеттілігін мәлім етті,

деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Оның пікірінше, қауіпсіздік күштері БҰҰ өкілдерінің күзетін күшейтулері керек - әсіресе Ауғанстандағы президенттік сайлаудың қарашаның 7-сіне тағайындалған екінші кезеңінің қарсаңында.
Жақында Кабулдегі БҰҰ қонақүйіне жасалған шабуылдың салдарынан халықаралық ұйымның 5 қызметкері қаза тапқан болатын.
Пан Ги Мунның айтуынша, биылдыққа дүниежүзі бойынша БҰҰ азаматтық миссияларының 27 мүшесі қаза тапқан, олардың көбісі Ауғанстан мен Пәкістанда қайтыс болып отыр.