Пан Ги Мун БҰҰ Бас хатшысы болып қайта сайланды
АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Пан Ги Мун Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы болып қайта сайланды. БҰҰ Бас ассамблеясы сейсенбі күні осындай шешім қабылдады,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Осылайша, Пан Ги Мун БҰҰ басшылығына екінші мерзімге сайланып отыр. БҰҰ өкілдерінің хабарлауынша, ұйымның барлық 192 мүшесі 67 жастағы оңтүстіккорейлік дипломатқа өз дауыстарын берген.
Қайтадан сайланған бас хатшы келесі 5 жылдық қызметіне 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.
Пан Ги Мун қазіргі жаһандық өзгерістер заманында мемлекеттерді байланыстыратын «көпірлер» орнату саясатын жалғастыруға уәде берді.