Пан Ги Мун: БҰҰ мақсаты - 2030 жылы гендерлік теңдікке қол жеткізу

БҰҰ әйел құқықтары жөніндегі бірінші конференциясы 1995 жылы Бейжіңде өтті. Осы уақыт ішінде, Пан Ги Мунның айтуынша, әйелдер құқықтары мәселесі елеулі жақсарған, деп хабарлады Би-Би-Си .
Миллиондаған әйелдер бұрынғыша зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке тап болып жатқанына қарамастан, әйелдер әлемдегі сауатсыз адамдардың 2/3-ін құрайды.
Олардың көпшілігі төмен жалақыға еңбек етуге мәжбүр. Оңтүстік Азия мен Африкада бала туу кезіндегі өлім-жітім өте жоғары деңгейде қалып отыр.
Бұл ретте әйел өмірінің орташа ұзақтығы 20 жылда 64-тен 74-ке дейін жетсе, баяндамаға сәйкес неке қиюдың орташа жасы қазіргі сәтте 25 жасты құрайды.
Бұдан басқа, Пан Ги Мунның айтуынша, соңғы жылдары әйелдердің білім алуы арта түскені байқалады.
Ұйым әйел құқықтары туралы есепті бес жылда бір рет жариялайды.