Пан Ги Мун: БҰҰ мектебін атқылау - қылмыс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Газа секторындағы БҰҰ мектебіне атылған зымыран оғын БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун қылмыс деп бағалады. Ондағы жарылыс салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапты, деп хабарлады Би-Би-Си.

Пан Ги Мун: БҰҰ мектебін атқылау - қылмыс

Оқиға куәгерлері болған палестиналықтардың айтуынша, БҰҰ мектебі орналасқан Рафах қаласына зымыран Израиль тарабынан атылды. Мектепті мыңдаған бейбіт адамдар паналап жатқан болатын. Бірақ, БҰҰ өкілдері мектепке зымыран оғын жіберген тарап туралы кесіп айтуға әлі ерте екенін ескертті. «Мен бұл әрекетті нақты мектепке атылған оқ деп және оны Израиль немесе Палестина жақтан атылды деп айта алмаймын», - деді БҰҰ-ның Палестинадағы арнайы өкілдігінің баспасөз хатшысы Крис Ганнесс.