Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Пан Ги Мун БҰҰ-ның Сирия халқының сенімін ақтай алмағандығын мойындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің осы лауазымдағы соңғы баспасөз мәслихатында халықаралық ұйымның Сирия халқының үмітін ақтай алмағандығын айтты. Бұл туралы Риа Новости хабарлады.

 Пан Ги Мун БҰҰ-ның Сирия халқының сенімін ақтай алмағандығын мойындады

«Алеппо енді «тозақ» деген ұғымның синонимі болады, деді ол.

«Біздің барлығымыз Сирия халқының үмітін ақтай алмадық. Бейбітшілік оған шын жаның ашып, адам төзгісіз жиіркенішті қылмыстарға, әділетсіздікке зор жауапкершілікпен қарағанда ғана салтанат құрады»,-деді Пан Ги Мун.

Осыған дейін 16 желтоқсан, жұма күні Сирия әскері Алеппоның шығыс орамдарын тазарту жұмыстарын аяғына жеткізді. Өз кезегінде бұл жағдай Сириядағы қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге мүмкіндік берді деп мәлімдеді РФ ӘК Бас штабының Бас жедел басқармасының бастығы генерал-лейтенант Сергей Рудской.