18:20, 22 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Пан Ги Мун қауіпсіз әлем қалыптастырудың басым міндеттерін атады
ТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Пан Ги Мун әлдеқайда қауіпсіз әлем қалыптастырудың бес басым бағыттарын атады, деп хабарлайды БҰҰ Жаңалықтар орталығы.

«Бізде бүгін қабылданған шешімдермен ертеңгі күннің кейпін қалыптастыру арқылы жастар өз-өздерін көрсете алатын бес императив, бес сала бар», - деді Пан Ги Мун БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясы делегаттарының алдында сөз сөйлеген кезінде.
Аталған салалардың алғашқысы тұрақты дамуға қатысты - ғаламшарды құтқару, кедейлікті жою, экономикалық дамуды ілгері жылжыту. Әлдеқайда қауіпсіз әлем қалыптастыру жөнінде айта отырып, БҰҰ басшысы Таяу Шығыстағы тығырықтан шығу керектігін атап өтті.
Дағдарыстың алдын алу мәселесіне тоқтала отырып, Пан Ги Мун назарды бүгінгі күні БҰҰ бюджеті 8 млрд. долларға жеткеніне аудартты. Сондай-ақ ол соғыстың алдын алу оның салдарын өшіруден әлде қайда арзан екенін ескеріп өтті.