Паналатқандарға тағзым: Қазақстан мен ОА елдеріне босқындарға көмек көрсеткені үшін алғыс айтылды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеу түбіндегі Красноармейскіде Ресейде алғаш рет Орта Азия елдері мен Қазақстан халықтарының мейірімділігі мен қонақжайлығын еске алуға арналған «Паналатқандарға тағзым» атты акция өтті.
Еске алу шарасын Красноармейск әкімшілігі қала жұртшылығының бастамасымен ұйымдастырды. Шақырылғандардың арасында - елшіліктер өкілдері, астаналық аймақта тұратын ұлттық диаспоралардың белсенділері мен көшбасшылары, сондай-ақ Мәскеу облысы Қоғамдық палатасының мүшелері болды. Акцияға сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезінде көшірілген Красноармейск тұрғындары болды.
Қала округының басшысы Александр Овчинников қонақтарға бұл шараны өткізудің мақсаты және оның алар орны жайлы айтты.
«Бұл біздің шағын акциямыз сол кезеңде біздің отандастарымызды жылы қабақ таныта қарсы алып, олармен соңғы бір үзік нанын бөлісіп, достық пен бірлікті көрсеткен одақтас республикаларға деген алғысымыздың бір көрінісі деп есептеңіздер. Біздің оларға алғысымыз шексіз»,- деді Красноармейск қалалық октугының басшысы.
Сондай-ақ акцияға қатысушылар ҰОС жылдарында мерт болған Красноармейск қаласының тұрғындарына арналған обелискіге гүл шоқтарын қойды, Красноармейск кадет мектеп-интернатында жас өскіндермен кездесті.
Акцияның ерекшелігі - келген қонақтарға дастарқан жайылды, өйткені, сол кезде жергілікті тұрғындар босқындарға бір үзім нанды аузынан жырып берген болатын. Орталықазиялық халықтардың дәстүрлі тағамдары - таба нан, бауырсақ, қатық немесе жүзім сияқты тағамдар қойылып, сол кездегі жүдеу кезең еске алынды.
Соғыс кезінде көшірілгендердің бірі Анатолий Трегуб - бұрын Алматы облысындағы Іле ауданының әкімі болған, қазір Красноармейскіде тұрады. Ол отбасы 1941 жылы Украинадан қоныс аударғанда өзі үш жаста болғанын әңгімеледі.
«Әлі есімде. Біз Жамбыл облысында тұрдық. Анам сауыншы болды. Біз қазақ тілін, қазақтар - орыс тілін оқып-үйренді. Мектептен кейін институт бітіріп, партиялық қызметтерде болдым, ел тәуелсіздік алғаннан кейін де сонда жұмыс істеп, өз үлесімді қостым. Мені өсіріп-тәрбиелеген қазақ жеріне алғысым шексіз», - деді А.Трегуб.
Шара дастархан басында шүйіркелесіп, Қазақстан мен Орта Азия тағамдарымен шай ішуге ұласты.