12:33, 08 Тамыз 2015 | GMT +5
Панама каналында құрғақшылықтың салдарынан ірі кемелер қатынасына шектеу енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Панама арнасының басшылығы құрғақшылық орын алуы салдарынан келесі айдан бастап су жолы арқылы жүретін кемелер санына уақытша шектеу енгізетінін мәлімдеді.
Эль-Ниньода маршрут өтетін екі көлде температуралық аномалияға байланысты құрғақшылық орын алып, су деңгейі күрт төмендеді.
Өзгерістер арна арқылы өтетін кемелердің 20 пайызын қамтиды. Алайда басқарушы ұйым жағдай нашарлайтын болса, бұдан да қатаң шектеу енгізуге әзір.
Қазіргі уақытта 39, 5 футқа (12 метр) төмендеген жерден кеменің өтуіне рұқсат бар. 8 қыркүйекте рұқсат ету көлемі 39 футқа дейін, ал одан кейінгі бір аптадан соң 38,5 футқа төмендеуі ықтимал.
Су деңгейінің мұндай шектелуі соңғы 20 жылда алғаш рет енгізіліп отыр.