Панамада автобус шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Панамада жол-көлік оқиғасы салдарынан 16 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды. Бұл туралы дүйсенбі Associated Press агенттігі хабарлады.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, Панамерикалық жол учаскесінде шамамен ел астанасынан оңтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жерде автобус көпірден шатқалға құлап кеткен. Көлікте ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер болғаны атап өтіледі.
Апат себептері айтылмады.