Пандемия басталғалы ШҚО-да 50 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Коронавирус пандемиясы басталғалы бері Шығыс Қазақстан облысында 50 мыңға жуық адам қауіпті дертке шалдыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, коронавирус пандемиясы басталғалы бері өңір бойынша тіркелген науқастардың жалпы саны – 49 893-ді құрап отыр. Оның ішіндегі 39 447 науқаста симптом бар болса, 10 446 адам сырқатты симптомсыз өткерді. Соңғы тәулікте вирусқа шалдыққан 25 адам тіркелген.

«Шығыс Қазақстан облысы 8 қарашадан бастап «жасыл» аймақта тұр. СOVID-19 инфекциясымен сырқаттану көрсеткіші күн сайын азайып келеді. 9 желтоқсанда өңір бойынша репродуктивті санның орташа мәні – 0,991-ді құрады», - деді департамент басшысының орынбасары Ғалымбек Алин.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да коронавирус науқастарына арналған стационарларда төсек-орын жүктемесі 15,6% құрайтындығы хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар