Пандемия кезінде зардап шеккен алматылық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі
Бақытжан Сағынтаев қолдау шараларының бизнес қауымдастықпен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге талқылатынын атап өтті. Өңірлік пен қалалық іскерлік кеңестердің отырыстарында коммуналдық төлем, жұмыс істемеген кездердегі жалдау ақысы бойынша қарыздарды жою шаралары ұсынылды.
«Кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі дайындалған іс-шаралар пакеті орта кәсіпкерлік шығындарда, коммуналдық төлемдерді толық субсидиялауды, қоғамдық жұмыс орындарын құруды, мемлекеттік және квазимемлекеттік мүлікті жалдаудан босатуды, базарлар мен сауда үйлері, ойын-сауық орталықтарында орын жалдаушыларына жалдау ақысының 30%-ын субсидиялауды қарастырған»,-деді әкім.
Сонымен қатар, республикалық деңгейде бірқатар қолдау шаралары дайындалды. Бұл жұмысы тоқтаған бизнес салаларының салықтан, төлемдерден, қызметкерлерге әлеуметтік төлемдерді беру, несиелерді төлеу кейінге шегерілді.