Пандемиядан бері әлеуметтік желі қолданушыларының саны 1 млрд астам адамға артты - министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат – Пандемия басталғаннан бері әлеуметтік желілердің жалпы аудиториясы шамамен 30%-ға өсті. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған «Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» Заң жобасына қосымша консультативтік құжатында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жыл сайын интернеттегі жарнамаға әлемдік шығындар орта есеппен 15%-ға өсіп келеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша интернет желісінде ілгерілетуге 491,7 млрд доллар бағытталды. Бұл – өсімнің тарихи максимумы. Әсіресе, пандемия басталғаннан бері әлеуметтік желілердің жалпы аудиториясы шамамен 30%-ға өсті, яғни кейінгі 3 жылда 1 миллиардтан астам жаңа пайдаланушы қосылды. Жыл сайын әлеуметтік желілерде өткізілетін уақыттың ұзақтығы, сондай-ақ осы мақсаттар үшін ұялы телефонды пайдалану артады. Қазақстан да бұдан шет қалмайды және интернеттің отандық сегментінде барлық негізгі көрсеткіштің өсуі байқалады. Мысалы, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің деректері бойынша, 2021 жылы 4 жастан 76 жасқа дейінгі интернет желісін пайдаланушылар саны ел халқының жалпы санының 92,9%-ы болды», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған консультативтік құжатта.

Қолданушылар саны көбейген сайын, алаяқтық қылмыстар жиілейді. Сондықтан, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірқатар жаңа норманы енгізе отырып, қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажет деп санайды. Ол үшін интернеттегі жарнама мен платформалардың қызметін реттейтін жаңа заң әзірлеу ұсынып отыр.


Соңғы жаңалықтар
Референдум