Пандемияны жеңеміз, ол үшін барлық жиыннан бас тартуымыз керек - Рафаэль Гасанов
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жұртшылық Алматыдағы ковидке қарсы жаңа шараларды қолдайды, инфекцияның тарауын тоқтату маңызды. Бұл туралы Facebook парақшасында республикалық арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.
«2021 жылдың 21 наурызынан бастап Алматыда карантин шектеулері күшіне енеді. Бұл - бізге ешқандай да ауыртпалық алып келмейтін, бәріміздің қолымыздан келетін шаралар. Вирустық инфекцияның өте жылдам таралуына байланысты, біз бұл тізбекті тоқтатуымыз қажет», - деп жазды Рафаэль Гасанов.
Сонымен бірге, қоғам өкілі басқа қала тұрғындары сияқты оған да мерекелік шаралардан бас тартуға тура келетінін атап өтті.
«Өзімнің, достарымның және олардың жақындарының денсаулығына қауіп төндіруге құқығым жоқ. Сондай-ақ менің жақындарым, әріптестерім және басқалары мемлекетімізге пандемияны ең болмағанда, осы деңгейде ұстап тұруға көмектесіп, заң бойынша өмір сүрген дұрыс екенін түсінеді»,-деп атап өтті ол.
Рафаэль Гасанов пандемияның басталғанына бір жыл болғанын еске салды. Осы кезеңде коронавирус инфекциясынан адам өлімімен аяқталған қайғылы жағдайлар да бар, олардың арасында Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рахымбекова және Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті Мұсағали Дуамбеков те бар.
«Жақында біз бәріміз бірге осы жұқпалы инфекцияны жеңеміз деп үміттенемін. Ол үшін сәл шыдап, бәріміз барлық жиыннан бас тарта білуіміз керек», - деп жазды ол.
Айта кетейік, Алматының бас санитар дәрігері қалада 21-28 наурыз аралығындағы кезеңде қалада қатаң шектеу шараларын енгізген болатын. Бұл шектеулер жұқтыру механизмін, сонымен бірге жұқтыру тізбегін ажырату бойынша шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.