Пандемияның жаңа толқыны басталып, 1 қыркүйектен локдаун жарияланады – фейк

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Қазақстанда пандемияның жаңа толқыны басталып, 1 қыркүйектен локдаун жарияланатыны туралы ақпарат тарады. Бұл – жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz телеграм каналына сілтем жасап.

Бұл ақпаратты ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

«Сырқаттанушылық аздап өсті, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз баршаңызды вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және мүмкін болса, COVID-19 жұқтырмас үшін шет елдерге сапар шекпеуге шақырамыз. Карантиндік шараларды күшейту немесе жеңілдету туралы шешімді Ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазіргі кезде карантин жариялау туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ», - деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.


Соңғы жаңалықтар