Пәндік Олимпиадаларда жеңіске жету үшін оқушылар арасында бәсекелестікті дамыту қажет - М. Өмірзақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пәндік Олимпиадаларда жеңіске жету үшін оқушылар арасында бәсекелестікті дамыту қажет. «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматыда информатика пәнінен өткен XXVII Халықаралық Олимпиаданың күміс жүлдегері, алматылық Мейрамбек Өмірзақ осындай пікірін білдірді.
None
None

«Әрине, Қазақстанда дарынды оқушылар арасында бәсекелестік қазір жақсы деңгейде. Бірақ оны барынша дамыта түскен абзал. Сонда пәндік Олимпиадаларда шетелдіктерді басып озып, алтын жүлделерге қол жеткізуге болады. Ал мен бірінші турда аздап қобалжыдым. Содан болар, нәтиже онша көңілімнен шықпады. Есесіне екінші тур жақсы өтті. Тапсырмалар күрделі, бірақ шешуге болады. Нәтижесінде күміс медальға ие болдым», - деді М. Өмірзақ.

Сонымен қатар, Алматыдағы Қазақ-түрік лицейінің түлегі информатикадан Халықаралық олимпиаданың Алматыда өткеніне ризашылығын білдірді.

«Олимпиада өте жоғары дәрежеде өтті. Ұйымдастыру жағы көңілімнен шықты. Бұл үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» республикалық орталығы басшылығына айтар алғысым шексіз. Ал өзім енді болашағымды осы информатикамен байланыстырамын. Ендігі алар білімімді Оңтүстік Кореяда жалғастырғым келеді. Өйткені, достарымның көбісі сол жаққа аттанбақ. Мен де олардан алыстағым келмейді. Отаныма мықты маман болып ораламын», - деді М. Өмірзақ.

Соңғы жаңалықтар