Панкратионнан ел чемпионаты: алғашқы күнгі үздіктер анықталды

панкратион
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласындағы «Аспан» спорт кешенінде панкратионнан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталмыш ел біріншілігіне еліміздің әр аймағынан 450-ге жуық спортшы қатысуда. Бүгін традишн бөлімінде үздіктер анықталса, ертең спортшылар элит бойынша сынға түседі.

Айта кетейік, бұл доданың маңызы зор. Өйткені, ұлттық құрама сапы осы бәсеке нәтижесі бойынша жаңартылып, кейін олар Азия және әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайды.

Бүгін «традишн» бөлімінде үздіктер анықталса, ертең «элит» бойынша жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Алғашқы жарыс күнінің нәтижесі:

Ерлер (традишн):
57 кг
1-орын - Бағдат Жұбаныш (Ақтөбе қ.)
2-орын - Ермахан Орынтаев (Алматы обл)
3-орын - Абду-Рахман Жасұланұлы (Атырау обл)
3-орын - Жандос Молдахметов (Ұлытау обл)
62 кг
1-орын - Әліби Ідіріс (Ақтөбе обл)
2-орын - Талғат Жұмағалиев (Атырау қ.)
3-орын - Серікбол Хала (Алматы қ.)
3-орын - Әлихан Магшке (Ақмола обл)
66 кг
1-орын - Дастан Амангелді (Ақтөбе қ.)
2-орын - Көшен Ақанов (Астана)
3-орын - Бақдәулет Қорғанбай (Шымкент)
3-орын - Қазыбек Базарханов
71 кг
1-орын - Қайырғали Әділбек (Атырау обл)
2-орын - Самғат Шабдан (ШҚО)
3-орын - Қуаныш Тимур (Шымкент)
3-орын - Николай Самусаев (Астана)
77 кг
1-орын - Мұратжан Юсупов (Алматы обл)
2-орын - Саят Әбдуәлі (Шымкент)
3-орын - Бағашар Қораласов (Астана)
3-орын - Саят Трусбеков (Абай обл)
84 кг
1-орын - Асрориддин Мұхриддинов ( Астана)
2-орын - Ораз Бейбарыс (Шымкент)
3-орын - Абжапар Әбдірасыл (Қызылорда обл)
3-орын - Эльджан Гасанов (Астана)
92 кг
1-орын - Самандар Рузматов (Астана)
2-орын - Нұртас Жұмағазыұлы (Астана)
3-орын - Думан Балмұханов (Атырау обл)
3-орын - Мұрат Әбдырахметов (Ақтөбе обл)
100 кг
1-орын - Нұрғали Нұрғайыпұлы (Астана)
2-орын - Гайти Дазаев (Ақтөбе обл)
3-орын - Арман Жетпісов (Абай обл)
3-орын - Нұрлан Нұрпейісов (Шымкент)
+100 кг
1-орын - Дияр Нұрғожай (Астана)
2-орын - Ерасыл Сартбай (Абай обл)
3-орын - Қайсен Зейнатдинов (Ақтөбе обл)
3-орын - Андрей Кравченко (Астана)
Әйелдер
57 кг
1-орын - Медина Әділ (Түркістан обл)
2-орын - Наталья Сорокулова (Алматы обл)
3-орын - Жұлдызай Ибраева (Алматы обл)
3-орын - Динара Аяпова (Ақтөбе обл)
61 кг
1-орын - Динара Сайлаубекова (Абай обл)
2-орын - Аружан Тынысбек (Астана)
65 кг
1-орын - Меруерт Ибраева (Астана)
2-орын - Айкөріс Қуандықова (Атырау обл)
3-орын - Жанерке Кенжехан (Түркістан обл)
3-орын - Әмина Шайменова (Қостанай обл)
53 кг
1-орын - Айнұр Жұмағазиева (Абай обл)
2-орын - Аружан Ерназарова (Астана)
3-орын - Аружан Шимирова (Қостанай обл)
3-орын - Мадина Қатызина (Алматы обл)

Соңғы жаңалықтар