Папуа-Жаңа Гвинеяда 29 каннибал тұтқындалды
АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Папуа-Жаңа Гвинеяда 7 адамның өліміне айыпталып отырған каннибалдыққа табынушылардың 29 мүшесі ұсталды, деп жазды The Independent.
Каннибалдар құрбандарының миын жеп, жыныс мүшелерінен сорпа қайнатып отырған. Тұтқындалғандар жергілікті сайлаудың шырқын бұзды: аборигендер кісі өлтірушілерден қорыққаннан сайлау учаскелеріне келуден бас тартып, үйлерінен шықпай қойған.
Каннибалдыққа табынушылардың қатарында 700-ден 1000 адамға дейін бар. Кісі өлтіргендері үшін бұл жабайы каннибалдар өлім жазасына кесіледі. Жергілікті полиция бөлімшесі басшысының сөзіне қарағанда, каннибализмге күдікті тағы да 100 адам қолға түсті. Құрбандардың денелерінің табылмауы тексеруді қиындатуда. Болжам бойынша, олардың мәйіттері каннибалдарға толығымен азық болған.