Папуа-Жаңа Гвинеяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Папуа-Жаңа Гвинеяның батыстағы провинциясының тұсындағы Киунга тауына жақында жерде шағын жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Австралия басылымдарының хабарлауынша, борттағы ұшқыш (австралиялық болуы мүмкін) пен 11 жолаушы қаза тапқан.
Австралия СІМ ресми өкілінің хабарлауынша, Папуа-Жаңа Гвинеядағы жоғарғы комиссар (елші) жергілікті билікпен байланысқа шығып, апат себептерін және қаза тапқандар жөнінде мәліметтер алуға әрекет етуде. «Біз онда қаза тапқан автралиялықтар бар болса солардың отбасыларына қажетті консульдық қолдау көрсетуге әзірміз», - деп мәлімдеген СІМ ресми өкілі.
Фото:Артем Коротаев