Пара алды деп күдікке ілінген «Қазгидромет» РМК басшылары ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қаңтар күні «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшылары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пара алды деп күдікке ілінген «Қазгидромет» РМК басшылары ұсталды

«Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген шаралар нәтижесінде «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшылары ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағымен көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды» делінген хабарламада.

Қазіргі кезде жедел тергеу шаралары жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

null