Пара алмайтын жол сақшысы жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншасте көлік қозғалысы проблемаларын шешудің ерекше жолы табылды. Көлік қоғаласын реттеу мен адамдардың бағдаршамды елемеу әдетіне тосқауыл қою үшін қала орталығына 2,5 метрлік робот орнатылды.

Пара алмайтын жол сақшысы жасалды

Бұл роботты жасау идеясы Киншастегі Қолданбалы техника жоғары институтының өнертапқышы Исайе Терезаға тиесілі. Роботтың көзіне арнайы бейнекамералар орнатылды, осылайша оның көзі кез келген ереже бұзу фактілерін тіркеп отырады. Сонымен қатар онда бағдаршам белгілері және жаяу жүргіншілерге ақпарат беретін қондырғылар жасақталды. Роботтар күн батареяларынан алынған энергиямен жұмыс істейді және оның қуаты түнгі уақытта да таусылмайды. Сонымен қатар олар жан-жағына бұрылып, нақты бір көліктің қозғалысын бақылап тұруға қауқарлы.