Пара алу күдігімен ұсталған аудандық прокуратура қызметкері 2 айға қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пара алу күдігімен ұсталған Ақмола облысына қарасты аудандық прокуратура қызметкері 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пара алу күдігімен ұсталған аудандық прокуратура қызметкері 2 айға қамалды

«Астана қаласы Алматы ауданының №2 соты Бас прокурордың аға көмекшісі - жедел-тергеу тобы жетекшісінің пара алды деген күдікпен ұсталған Ақмола облысына қарасты аудандық прокуратуралардың бірінің қызметкерін 2 айға дейін қамауға алу ұсынысын толықтай қолдады», - делінген еліміздің Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қазанда Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік басқармасы аудандық прокуратура қызметкерін «М» деген азаматшадан пара алу үстінде ұстағандығын хабарлаған болатын.