Пара алу күдігімен ұсталған полицейді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пара алды деген күдікпен ұсталған полиция қызметкерін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пара алу күдігімен ұсталған полицейді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Бұл ақпаратты қалалық соттың баспасөз қызметінен растады.

«ІІД жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полкінің командирі М.Байғазиновты қамауда ұстау мерзімі 17 шілдеге дейін ұзартылды», - деді баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, полиция қызметкері 2018 жылдың 17 сәуірінде 200 доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 366-бабы бойынша тергеу жұмыстары жүруде.