22:19, 18 Қазан 2016 | GMT +5
Пара алу үстінде Ақмола облыстық прокуратурасының қызметкері ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық прокуратурасының қызметкері пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ішкі қауіпсіздік басқармасы Ақмола облыстық прокуратурасының қызметкерін пара алғаны үшін ұстап, уақытша оқшаулағышқа қамады. Қызметкердің ұсталу мән-жайы, сонымен бірге тергеу барысы БАҚ-қа қосымша жарияланатын болады», - деді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.