17:14, 05 Қараша 2024 | GMT +5
Пара алу үстінде ұсталған мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды
АСТАНА. KAZINFORM – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықтың жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Мәселен, Антикор Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
«Ол кәсіпкерлік субъектісінен 4,4 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда, яғни шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты құнының 5%.
Соттың санкциясымен лауазымды тұлға мен кәсіпкер үй қамағына алынды.
Ағымдағы жылдың 31 қазанында Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді», — деп жазды ведомстводан.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.