12:08, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Пара алушыларды қолға түсіруге көмектескен ҚР пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері Қылмыстық атқару жүйесі комитеті атынан марапатқа ие болды
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Пара алушыларды қолға түсіруге көмектескен ҚР пенитенциарлы жүйенің қызметкерлері ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті басшылығының атынан марапатқа ие болды,

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің өкілі Самал Ғаділбекованың айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері республика бойынша пара берушіні қолға түсіруге көмектескен ҚАЖ-нің 10-ға тарта қызметкері марапатталған.