Пара берген де, алған да ұсталды

«Қостанай облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қостанай облысы бойынша «Казагрофинанс» АҚ басшысының парақорлығын әшкереледі. Ол ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықты сатып алуды қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешімді жеделдетілген түрде қабылдау үшін облыстың агроөнеркәсіп өндірушілерінен жүйелі негізде пара алғандығы үшін күдікке ілінуде», - деді ол.
Ресми өкілдің дерегінше, параның жалпы сомасы 1 000 000 теңгені құрайды. Күдікті аталған соманы 2018 жылғы маусым-тамыз айлары аралығында алған.
«Жалпы пара алудың 5 фактісі тіркелген. Қазіргі таңда күдікті үйқамаққа алынды. Сондай-ақ ЖШС-сы директоры жауапкершілікке тартылуда. Ол Қазагрофинанс басшысына пара беру бойынша күдікке ілінген. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Нұрлан Жахин.