Пара дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бес медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада өтіп жатқан пара дзюдодан Әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні, 13 мамырда ел құрамасы қоржынына бес медаль түсті.

Пара дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бес медаль алды
Фото: ҚР Пара дзюдо федерациясы

Отандастарымыз 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншіледі.

J2 санатынан Бексұлтан Құлмырза (81 келі) алтын алса, Ғалымжан Смағұлұлы (81 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Аталған санат бойынша Ерғали Шамей (81 келі), Айназ Құралова (46 келі) қола жүлдегер болды. 
Сондай-ақ J2 санаты бойынша Даяна Федосова (60 келі) үздік үштіктен көрінді.

Жаһандық додада 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер 70, 81, 95, 95 келіден жоғары салмақта белдессе, әйелдер 52, 60, 70, 70 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласады.

Сондай-ақ, Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада салмағына кірмейтін 2 салмақта (ерлерде 64, әйелдерде 46 келі) жүлде сарапқа салынады.

Дүбірлі додада сағат 10:00–13:00 аралығында іріктеу белдесуі болса, 15:30–17:00 шамасында финал белгіленген.

Жарыстың өтуіне Халықаралық зағиптар спорт федерациясы (IBSA) қолдау білдірді. Онда 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиадаға маңызды рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар