Пара таеквондошы Нұрлан Домбаев жұбаныш кезеңінде сынға түседі
ПАРИЖ. KAZINFORM – Паралимпиада ойындарында сынға түсіп жатқан пара таеквондошы Нұрлан Домбаев 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 класында Иран спортшысы Алиреза Бахтпен ширек финалда кездесті.
Тартысқа толы спорттық бәсекеде қазақстандық спортшы 7:5 есебімен қарсыласына жол берді. Енді Нұрлан қола медальға таласу мүмкіндігі үшін жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.
Бұған дейін пара таеквондошылар Нышан Өмірәлі мен Нұрлан Домбаевтың Паралимпия ойындарының ширек финалына шыққанын, Гүлбахыт Қайыржанованың Паралимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтағанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Қазақстандық пара спортшы Еркін Ғаббасовтың Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізгенін сүйіншіледік.