Парацетамолдың қоры жеткілікті – Ажар Ғиният

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның қорытынды алқа мәжілісінен кейін БАҚ өкілдеріне елдегі парацетамолдың қоры туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Солтүстік өңірлерде парацетамол тапшылығына шағымданушылар көп. Неліктен мұндай тапшылық болып жатыр», - деп сұрады журналист министрден.

Ажар Ғиният бұл мәліметті теріске шығарды.

«Бүгінгі таңда парацетамол дәрісінің тапшылығы жоқ. Қазірдің өзінде бүкіл жеке дәріханалардың өзінен тиісті комитет арқылы мөлшерін сұрап, біліп отырмыз. Парацетамолдың өзінің мөлшері немесе парацетамол қосылған әр түрлі дәрілердің түрлері біздің елімізде жеткілікті», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Соңғы жаңалықтар