Парадта ұшқыштардың өз міндеттерін орындайтынына сенімдімін - Қорғаныс министрінің орынбасары М.Алтынбаев

АНА.  Тамыздың  21-і.  ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Жұма күні   Астана  аспанында   Конституция күніне арналған  әскери парадқа қатысатын    авиациялық техниканың      бірінші  жаттығуы  өтті.

Парадта  ұшқыштардың  өз міндеттерін    орындайтынына сенімдімін -   Қорғаныс министрінің  орынбасары М.Алтынбаев


Қорғаныс министрінің  бірінші  орынбасары - Штаб басшылары комитетінің төрағасы,   армия  генералы  Мұхтар  Алтынбаев   өз сөзінде, әуе  парадының  -  ең  тартымды  және  ең күрделі  іс-шаралардың бірі    екенін  атап  көрсетті.

  -  Топтасып,  «төрттікпен»   ұшу  дайындығы солардың ең  күрделі  түрі  болып  табылады.  Мен    ұшқыштар үшін   қуаныштымын және   олардың парадта  өз міндеттерін     орындайтынына  сенімдімін, -  деді  М.Алтынбаев.

 - Парадқа қатысатын авиациялық техника -  жаңа,   олар  барлық жөндеу  жұмыстарынан өтті.  Ұшқыштар     ұшудың  бұл  түріне  дайындалған.    Соңғы  3-4  жылда  біздің  ұшқыштардың,    Кеңес Одағы  тұсындағы  кезден   көбірек   ұша  бастағанын  айта кету керек, -  деді     қорғаныс министрінің  орынбасары.

 Конституция күніне арналған  парадқа       авиациялық техниканың 40  бірлігі   қатысады.  Олардың  қатарында   атақты «Су-25», «Миг-27», «Миг-31» және  «Су 27» ұшақтары  бар.