Парадты көру үшін Павлодар тұрғыны Мәскеуге велосипедпен барды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қызыл алаңдағы парадты көру үшін Павлодар тұрғыны Өміржан Ошанов Мәскеуге велосипедпен барды.
Мектепте «Қазақ күресінен» жаттықтырушы 54 жастағы Өміржан Ошанов Павлодардан Мәскеуге дейінгі аралықты 22 күн ішінде, алдында жоспарланғаннан төрт күн ерте артқа салды. Ө. Ошановтың айтуынша, ол бұл сапарға жарты жыл дайындалған. Күн сайын 10 шақырым қашықтыққа жүгіріп, бассейнде 3-4 сағаттан тоқтаусыз жүзген. Сондай-ақ 2014 жылғы шілдеде Ертіс өзенінен 70 шақырым қашықтықта брасс әдісімен жүзіп өткен. Ол бұл жетістігін Жеңістің 70 жылдығына арнады.
Айта кетер жайт, оның аталары да Ұлы Отан соғысына қатысқан.
«Өзімнің бұл веложарысымды Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, барша майдангерлерге, сондай-ақ Ұлы Отан соғысында шейіт болған жауынгерлерге арнаймын»,-дейді О. Ошанов.
Оған жол бойы досы Е. Асқаров жеңіл көлікпен еріп отырды.
Атап өткен жөн, бұл веложарыс айтуынша, соңғысы емес. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай оның көздегені де бар. Әзірге қазақстандық веломарафоншы бұл жайлы айтуды жөн көрмей отыр.