Парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Қазақстан қоржынына тоғызыншы медальді салды
АСТАНА. KAZINFORM – Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков қола жүлдегер атанды.
Жұрқамырза J2 санаты бойынша 90 келіден жоғары салмақта франциялық Насер Зорганиді қапы қалдырды.
Қазақстандық балуан әуелі вазари ұпайын алды. Содан кейін бар-жоғы бір минутта татами иесін таза жеңді.
Осылайша, Қазақстан қоржынына тоғызыншы медаль түссе, соның ішінде бұдан бұрын парадзюдошы Ақмарал Науатбек алтыннан алқа тақса, Ерғали Шәмей күміс жүлдегер атанған еді.
Сондай-ақ, Даяна Федосова қола медальді олжалады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жұрқамырза Шүкірбековтің жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Зарина Райфова Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.