Парагвай өзенінде аударылған кемедегі 8 адамның мәйіті табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық және парагвайлық құтқарушылар сәрсенбі күні Парагвай өзенінде дауылдан апатқа ұшыраған туристік кемедегі жолаушылардың сегізінің мәйітін тапты, деп хабарлады ВВС.

Парагвай өзенінде аударылған кемедегі 8 адамның мәйіті табылды

Кемеде парагвайлық 11 экипаж мүшесі және 16 бразилиялық турист болған. олардың он үші жағаға жүзіп жеткен, ал алты адамның тағдыры әлі белгісіз. Туристер Бразилия мен Парагвайдың шекарасындағы Пантанал ойпатына балыққа барған. Пантанал ауданы экотуристер арасында өте танымал. Қаза болғандардың көбі Оңтүстік Бразилияның Парана штатындағы қалалардың бірінен болаған.