Парагвайда содырлар неміс фермерлерінен орман кескені үшін 300 мың доллар талап еткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Парагвайдың солтүстігінде шаруа қожалығымен айналысқан ерлі-зайыпты Германия азаматтарының мүрдесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, оларды жергілікті содырлар ұрлап, ақша талап еткен. Кейіннен атып өлтірген, деп хабарлады ВВС.
Германия азаматтары Парагвайда 30 жылдан бері фермерлікпен айналысып келген. Олардың мүрдесі Асунсьонға жеткізілді, кейіннен Германияға жөнелтілмек.
Тергеушілердің айтуынша, орман кескені үшін содырлар фермерлерден жаза ретінде кедей-кепшікке ақша, тамақ таратуды талап еткен. «Ассошиэйтед Пресс» агенттігінің хабарлауынша, олар фермер отбасынан 300 мың доллар сұрап, жазалаған.