Парагвайда «Толық ару - 2014» байқауы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парагвайда «Толық ару - 2014» байқауы өтті. Мақсат салмағы ауыр әйелдердің өзіне деген сенімін арттыру, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

Ақтық сында 15 қатысушы бәсекелесті. Олардың әрқайсысының салмағы 100 келіден астам. Алайда бұл олардың биік өкшелі аяқ киім мен ашық көйлек киіп подиуммен жүрулеріне кедергі келтірмеді. Қазылар алқасы 24 жастағы музыка пәнінің оқытушысы Монсеррат Монхесті жеңімпаз деп тапты. Сондай-ақ ол психолог мамандығының қыр-сырын меңгеруде.

"Парагвайда «Толық ару» ұйымдастыру оңай емес, - дейді шараны ұйымдастырушы Микаэль Берас. - Артық салмақтан зардап шегіп жүрген ерлер мен әйелдер тұратын елде оларды кемсітушілік орын алып жатады». Парагвай денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл елде артық салмақты азаматтардың үлесі 57,6%. Тұрғындардың төрттен бір бөлігі - 6,5 млн. тұрғын семіздіктен жапа шегуде.

Соңғы жаңалықтар