Парақор әкім өзі түсірген анимациялық фильмнің кейіпкеріне айналды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 30 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінің әкімі жергілікті кәсіпкерден жер учаскесін тіркеуден өткізіп беру үшін төрт мың доллар пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Ауылдық округ әкімі кәсіпкерден 450 мың теңге алып жатқан жерінде құрыққа түсті. Бұл ол талап еткен 600 мың теңгенің қомақты бөлігі. Қазір бұл істі тергеуді қаржы полициясы қолға алды», дейді облыстық прокуратураның басқарма бастығы Ерлан Қожанов.

Айта кету керек, осыдан бірқатар айлар бұрын осы әкімнің өзі парақорлықпен күресте едәуір көзге түскен екен. Ол тіпті осы тақырыпта мультфильм де түсірген көрінеді. Енді сол анимациялық картинасына өзі кейіпкер болып еніп отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram