Паралимпиада-2018: АҚШ көш бастап келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында АҚШ құрамасы медальдар саны бойынша жалпы есепте көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12 ақпанға дейінгі медальдар көрсеткіші бойынша АҚШ 6 алтын, 5 күміс, 4 қола медальмен көш бастап келеді. Ал Франция құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен екінші орында келе жатса, үздік үштікті Украина спортшылары түйіндеп тұр. Олардың еншісінде 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль бар.
Естеріңізге сала кетейік, кеше қазақстандық шаңғышы Александр Герлицке қола медальға сынық сүйем жетпей қалған болатын. Ол мәре сызығын жүлдегерлерден 43 секунд кейін басып өтіп, 4-ші орынға ие болған болатын.
Паралимпиадада медаль алған елдер:
1. АҚШ - 15 медаль (6 алтын, 5 күміс, 4 қола)
2. Франция - 9 медаль (3 алтын, 3 күміс, 3 қола)
3. Украина - 9 медаль (3 алтын, 2 күміс, 4 қола)
4. Ресей - 6 медаль (3 алтын, 2 күміс, 1 қола)
5. Канада - 7 медаль (3 алтын, 1 күміс, 3 қола)
6. Словакия - 5 медаль (3 алтын, 1 күміс, 1 қола)
7. Германия - 5 медаль (2 алтын, 3 күміс)
8. Швейцария - 2 медаль (2 алтын)
9. Беларусь - 6 медаль (1 алтын, 3 күміс, 2 қола)
10. Нидерланды - 3 медаль (1 алтын, 2 күміс)
11. Австралия - 1 медаль (1 алтын)
11. Финляндия - 1 медаль (1 алтын)
13. Жапония - 4 медаль (2 күміс, 2 қола)
14. Ұлыбритания - 3 медаль (2 күміс, 1 қола)
15. Италия - 3 медаль (2 күміс, 1 қола)
16. Австрия - 3 медаль (1 күміс, 2 қола)
17. Бельгия - 1 медаль (1 қола)
17. Испания - 1 медаль (1 қола)
17. Оңтүстік Корея - 1 медаль (1 қола)
17. Норвегия - 1 медаль (1 қола)
17. Жаңа Зеландия - 1 медаль (1 қола).
Фото: pyeongchang2018.com