Паралимпиада-2020: Ержан Сәлімгереев жүзуден 6-шы орын алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ержан Сәлімгереев Токиодағы Паралимпиада ойындарын алтыншы орынмен аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден сынға түскен болатын. Жарыс нәтижесінде Ержан алтыншы орын алды.
Бүгінге дейін қазақстандық паралимпиадашылар қоржынында төрт медаль бар.
Давид Дентярев пауэрлифтингтен алтын жүлдегер атанса, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс еншіледі.