Паралимпиада-2024: Альфия Тілекқабыл алғашқы белдесуінде жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM - Пара дзюдодан 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Альфия Тілекқабыл бірінші айналымда Молдова өкілі Ина Чернеймен белдесіп, қарсыласын иппонмен жеңді.
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің бапасөз қызметінен мәлім болды.
Жерлесіміз келесі айналымда украиналық Анжела Гаврюсьюкпен кездеседі.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.
Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.
Осыған дейін Давид Дегтяревтің екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанғанын жаздық.
Чемпионды жеңісімен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.