Паралимпиада чемпионы Александр Колядинге $250 мың табыс етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхенчханда өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бір реттік қаржылай төлем берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Паралимпиада чемпионы Александр Колядинге $250 мың табыс етілді

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, төлем толық көлемде берілді. Заңнамаға сәйкес, Пхенчханда өткен Паралимпиада ойындарының алтын медаль иегері Александр Колядинге 250 мың АҚШ доллары табыс етілді.

Сонымен қатар, IV (шаңғы жарысы) және VI орын (биатлон) алған Александр Герлицке де төлем берілді. IV, VI орындары үшін ол 30 және 5 мың доллар көлеміндегі қаржыны алуы тиіс.

Тағы бір айта кетерлігі, дәл осындай сомадағы төлем спортшылардың бапкерлеріне де қарастырылған.