Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина үш дүркін әлемдік рекорд орнатты
АСТАНА.ҚазАқпарат - Бүгін паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина Голландиядағы Эйндховен Кубогында үш дүркін әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
7-10 сәуір күндері аралығында жүзуден жарыста қазақстандық құраманың атынан Наталья Звягинцева, Әнуар Ахметов, Дмитрий Ли, Роман Агалаков, Андрей Афанасьев, Зүлфия Ғабидуллина шығады.
Зүлфия Ғабидуллина 50 метр қашықтықта еркін стильде жүзуде ерекшеленді, алдын ала есептеуде ол қашықтықты 45,05 секундта өтіп, әлемдік рекорд орнатса, одан кейін жартылай финал және ақтық жарыста бұл қашықтықты 44,17 секундта еркін стильмен жүзіп өтіп, өз рекордын жаңартты.