Паралимпиада: Нұрдәулет Жұмағали пара жүзуден алтынға таласады

АСТАНА. KAZINFORM – Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиаданың финалына жолдама алды.

Нұрдәулет Жұмағали алтынға таласады
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, пара жүзуден SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Нұрдәулет Жұмағали финалға жолдама алды. Ол іріктеу кезеңінде 1:05.11 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші жетті. Сонымен қатар Нұрдәулет осы нәтижесімен Азия рекордын жаңартты. 

Финал Астана уақытымен 22:01-де өтеді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Әмір Мұратбековтің Паралимпиаданың финалына шыққанын жазған едік. 

Айта кетсек, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алған болатын. 

Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Осыған дейін Давид Дегтяревтің екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанғанын жаздық.

Чемпионды жеңісімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады