Паралимпиадашы Александр Колядин допинг үшін дисквалификацияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шаңғы спортынан паралимпиадашы Александр Колядин антидопинг ережелерін бұзғаны үшін жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sport.kz сайтына сілтеме жасап.

Паралимпиадашы Александр Колядин допинг үшін дисквалификацияланды

Қазақстанның Допингіге қарсы ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, Колядиннен 2020 жылдың 9 желтоқсанында алынған сынамадан тыйым салынған препарат – мельдоний табылды. Осы себепті қазақстандық спортшы жарыстардан үш жылға – 2021 жылдың 13 қаңтарынан 2024 жылдың 3 қаңтарына дейін шеттетіліп отыр.

Айта кетейік, Александр Колядин 2018 жылы Пхёнчханда өткен Паралимпиада ойындарында чемпион болған жалғыз қазақстандық спортшы. Ол 1,5 шақырымға классикалық үлгідегі спринтте «алтын» алды.