Парамен ұсталған Мал шаруашылығы департаментiнiң басшысы Мақсұт Бақтыбаевтың iсi сотқа жолданды - Қаржы полициясы
Қаржы полициясының хабарлауынша, осы ведомствоның Мал шаруашылығы департаментінің директоры Мақсұт Бақтыбаев ет өнімділігі бағытындағы ірі қара малды индекстік бағалауды дайындау бойынша мемлекеттік сатып алудың келісімшартына қол қоюға көмектескені үшін кәсіпкерден 720 мың теңге көлемінде пара алған.
Оған қоса Бақтыбаев "Іскер қала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін "7 континент" тұрғын үй кешенінде жалпы сомасы 12 млн. теңгеге офистік жайды жалға алудың жалған келісімшартын жасасуға мәжбүрлеген деп айыпталуда.
Айта кетейік, шын мәнінде ақшалай қаражат осы тұрғын үй кешеніндегі "Мал шаруашылығы және ветеринарияның ғылыми-инновациялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалға алып отырған офистік жайлардың төлеміне бағытталуы тиіс болатын.