Парапауэрлифтингтен Әлем кубогы: Қазақстандық спортшылар қызу дайындық үстінде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Манчестерде өтетін пара пауэрлифтингтен әлем кубогында қазақстандық параспортшылпр ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық паралимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Парапауэрлифтингтен Әлем кубогы: Қазақстандық спортшылар қызу дайындық үстінде

«Біздің спортшыларымыз Манчестерде наурыз айында өтетін пара пауэрлифтингтен Әлем кубогына дайындалып жатыр. Бір айдан кейін ұлттық құрамамыз ел намысын Ұлыбританияда қорғайды. Спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына қатысуы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.